[:kz]
Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың Instagramпарақшасына жариялаған жұмбақ жазбасы желідегілердің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын жақсыға жорып, ақ тілектерін жарыса жазды.
«Бақытты бол», «Жақсы сөз жарым ырыс. Сіз бақытты болуға лайықтысыз», «Сені алақанында аялар жігіт кездесер», «Арманыңа жет», «Ниетіңізге жетіңіз», «Өзіңізді, өнеріңізді бағалайтын азамат жолықсын деп тілейміз»;
«Расымен күйеуге шыққалы жатырсыз ба?», «Әлі жассыз ғой. Тағы ана атаныңыз», «Барған жеріңде бағың жансын», «Қосағыңмен қоса ағар», «Енді адастырмасын. Алла адал жар жолықтырсын».
«Балалы әйелге қайта ұзатылуға болады ма?», «Асықпа. Енді қателеспе», «Ұлыңыз бар ғой», «Өте әдемісіз. Сіздің өнеріңізді, өзіңізді бағалай алатын ер-азамат керек», — деп пікір білдірді желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова ұзатылу тойы 2015 жылдың аяғында өткен болатын.
Бір ұлы бар әнші өткен жылы күйеуінен ажырасып кеткенін эфирде жылап отырып айтып берді.
[:]