[:kz]
Желі белсендісі продюсер Гүлзира Айдарбекованы оқырмандар тексізге теңеді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желіде үнемі белсенділік танытып, оқырмандарына күнделікті өмірінен үзір сыр беріп отыратын Гүлзира ханым бұл жолы қатты сынға қалды.
«Нүрекең бір жаққа шығып қайтайық десе, жақындарымызды түгендеп, тездетіп келе қалыңдаршы деп ұйымдастырып жіберетін мінезім бар. Негізі әйелдердің көбісі солай жасайтын шығар. Сіздер ше?», деп жазып, кәуапқа барған сәтінен видео салған болатын Гүлзира ханым.
«Гүлзира! Алтынай Жорабайдан бата алдың ба? Әлде, өз натураң сондай ма? Күнде шашлык жемегенмен, жұрт әзір аш емес. Біресе үйіңді, біресе мүлкіңді, жайған дастарханыңды көрсетіп мәзсің. Ішкен-жегенді көрсету текті адам үшін ұят. Ол түк көрмеген тексіздің тірлігі. Гүлзира, шамасы тек жағынан кемтарлық бар-ау енде. Мейлі, ақыры көрсеткен екенсің, түгел көрсет. Мынадай тамақ жеген адамның үлкен дәреті, кіші дәреті қандай болады екен? Соны көрсетіп бізді қуантшы», деп жазған оқырманды қостап, қолдайтындар сөзін жалғады.
«Өте дұрыс айттыңыз, тексіздің тірлігі ішкен жегенін көрсетіп мақтану, өзінен басқа да адамдардың тамақ ішуге шамасы келмеуі мүмкін, жаны күйзеліп жүруі мүмкін деп ойламайды да. Бай болса байлығының қызығын өздері ғана көреді, мұндай кәуәпті, мұндай отырыстарды екенің бірі көріп жүр ғой, әйтседе ешкім оны қайта-қайта инстаға салып жарияламаймыз ғой», «өте дұрыс,енді баратын әжетханасын көрсету керек», «Дұрыс айттыңыз, жұрттың ишип жегені кімге керек? Асып-тасығанның да артында сұрауы болады».
[:]