[:kz]
Қарғалы аудандық мәслихат депуттатығына «Nur Otan» партиясына үміткерлер Саясат Спан, Жанна Мустафина, Айгүл Қазбекова, Қымбат Тасымова, Шәмші Қалдаяқов ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Үміткерлер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауаптар берді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде 2022 жылы–Ш.Қалдаяқов ауылында қуатты 1 мың бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысына, 2023 жылы – Петропавловка ауылында қуаты 400 тонна 2 көкөніс қоймасын салуға, жыл сайын аудан бойынша ауылдық елді мекендерінің балалар ойын алаңдарын абаттандыруды жүргізуге, 2021 жылы Ш. Қалдаяқов ауылының ұзындығы 1,8 км кіре беріс жолын жөндеуге жәрдемдесу, Ш.Қалдаяқов ауылының ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланғанын Қымбат Тасымова айтып өтті.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын баса айтқан жөн. Сондай-ақ коронавирустық пандемиядан туындаған қиындықтарға қарамастан елдегі тұрақтылық пен экономикалық дамудың перспективаларын баяндады. Өз кезегінде аудан тұрғындары партия жұмысын жақсарту бойынша өз тілектерін білдіріп, мәселелері мен ұсыныстарын үміткерлерге жеткізді.
«Nur Otan» партиясының мақсаты — атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту және қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктерін қарастыру. Сонымен бірге ауыл ішін аббаттандырып, ағаш егу керек. Біз біріксек, бір болсақ, алға қойған мақсат-міндетке қол жеткіземіз. Сайлаушыларды сөздің емес, нақты істің жолын таңдаған Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын. Біздің партия елімізді жеңіске жетелейді», — деді С.Спан. Үміткерлер тұрғындарды 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беруге үгіттеп, болашақ Қазақстанды бірге дамытуға шақырды. Оған партияның сайлауалды бағдарламасы толықтай жауап беретінін жеткізді.
Тұрғындар алдағы сайлаудың ашық және айқын болатынына сенім білдірді. Үздіктерге дауыс беретінін жеткізді. Үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып, өткізілді.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыс Қарғалы
ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.
[:]