АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған оқушы қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды[:]

[:kz]

 

Сел ағызып әкеткен 11 жастағы оқушы 3-4 шақырым жерден табылды  деп  Azattyq ruhy— хабарлайды.

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенованың айтуынша, ауруханаға әкелінген 11 жастағы оқушының жағдайы орташа ауыр болған.

«Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, Нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауыр жағдайдағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған деген диагноз қойылды. Қазір жағдайы тұрақты», — деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Сел 29 мамырда сағат 13:35-те жүрген. Алматыдан 8 оқушы, 5 ата-ана мен 3 мұғалім Шарын шатқалына экскурсияға барған. Тасқын салдарынан Алматыдағы № 199 мектептің оқушылары зардап шекті. Селден 27 жастағы мұғалім жігіт пен бір оқушы қаза тапты.

 

[:]