[:kz]
Алматыда ерлі-зайыптылар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, оқиға 8 шілде Думан ықшамауданында болған.
“Әйел сот-медициналық сараптамадан өтуге бағыттама алды. Ер адамды жауапқа тарту нәтижелер алынғаннан кейін қарастырылатын болады”, – дейді баспасөз қызметінде
Қалалық полиция департаментінде әйел күйеуіне қатысты арыз жазғанын хабарлады.
Сонымен қатар ер адам апта сайын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторға профилактикалық әңгіме жүргізу үшін келуге міндеттелді.
.
[:]