АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін видеоға түсірген[:]

[:kz]

 

 

Әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеосы пайда болды. Қақтығыс Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен екі жасөспірім бірін-бірі киімінен ұстайды да сөзбен айтысады, содан кейін біреуі екіншісін жерге сүйрейді.  Екінші видеода үшінші қыз жеңілген сыныптасының басын тізесімен басқан.

Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

 </p >

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

посёлок Шубарши «Кенкияк»… 9 сынып окушылары, видеоны ата анасы корип отса осы болган исти колга алганын калаймыз! ______________________________________________ #рекламаактобе #актобереклама #жарнамаактобе #zelloaktobe #aktobe_zello #zello_aktobe #aktobezello #актобежарнама #олхактобе #olx #актобесауда #актобесити #актобесауда #бизнесактобе #продамактобе #продамвактобе #обьявленияактобе #актобеобьявления #новостивактобе #актобеновости #актобезелло #дтпактобе #zellonahodki #алмата #зеллонаходки #утеряноактобе #атырау #актобеonline #чпактобе #акцияактобе

Публикация от AKTOBE Zello — НОВОСТИ АКТОБЕ (@aktobe_zello_)

 

 

 
 
 
 
 
 

[:]