АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Шенеуніктерге заң жүрмей ме?»: Сәкен Майғазиевтің тойда жүрген ВИДЕОсы тарап жатыр[:]

[:kz]

 

Өнер көрсеткен әншілердің қатарында Абай Бегей, Айдана Меденова, Жазира мен Жанболат, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Еспанов сынды әншілер бар.

Белгілі әнші әрі Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиевке қатысты тағы бір дау басталатын түрі бар. Желіде Майғазиев мырзаның карантин талаптарын бұзып, тойда жүрген видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Желі бетінде қызу талқыланып жатқан бұл бейнежазбадан Сәкеннен басқа да өнер жұлдыздарының тойдың көркін қыздырып жүргенін байқауға болады. 

Кейбір дерек көздерінің жазуынша, аталмыш жазба Нұрлан Еспановтың ұлының Instagram-парақшасында жарияланған. 

Тойда өнер көрсеткен әншілердің қатарында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева мен Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев те бар. Абай Бегей, Айдана Меденова, Жазира мен Жанболат, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Еспанов сынды эстрада әншілерін де байқауға болады.

Тойды ертедегі той деуге келмейді. Себебі Шымкент қаласы мәдениет басқармасының бастығы, әнші С.Майғазиев: «Той-тойға ұлассын, жаман індет тез кетсін, сәуір болмай тәуір болмайды» деп тілек айтты. Соған қарағанда той жақында ғана болған тойға ұқсайды, деп жазады аталмыш дерек көзі. 

Естеріңізде болса, Сәкен мырза бұған дейін Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған 595 млн теңгелік тойдың дауына қалған болатын. 
 

[:]