АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Шешенстан басшысының 16 жастағы ұлы жаңа қызметке тағайындалды[:]

[:kz]

 

Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровтың ұлы Ахмед 16 жасында республиканың барлық балалар мен жастар ұйымдарының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ЧГТРК «Грозный» арнасына сілтеме жасап. 

«Ресей президентінің кеңесшісі Абубакар Эдельгириевтің, Шешенстан үкіметінің вице-премьері Абдулкерим Эдиловтың және Республиканың Тұңғыш Президентінің немересі Ахмед Кадыровтың делегациясы Ресейдің оқу-ағарту министрлігіне келді. Сапардың мақсаты – жастар қозғалысын дамытуда өз көзқарасын ұсыну», — делінген хабарламада.

Кездесу барысында Ресейдің оқу-ағарту министрі Сергей Кравцов кіші Кадыровтың Ресей балалар мен жастар қозғалысының аймақтық төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдады. «Шешенстанда Республика басшысының білім беру, тәрбие жүйесіне назар аударуы өте маңызды. Мектептер салу, үшінші ауысымды жою бойынша жақсы нәтижелер бар (…) патриоттық тәрбие беру бөлігінде атқарымдар өте көп. Біз Ахмед Рамзановичтің кандидатурасын қолдаймыз», — деді ол Қадыровтың ұлына жан-жақты қолдау көрсетуге уәде беріп.

2020 жылдың қыркүйегінде Шешенстан басшысының қызы Айшат Қадырова республиканың мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бір жылдан кейін ол министрлікті басқарды. Республикалық парламент спикері Магомед Даудов оны жаңа қызметке тағайындалғанын жариялағанда, Айшаттың республиканың дамуына, атап айтқанда кітапханаларға, мәдениет үйлері мен театрларға зор үлес қосқанын, сондай-ақ ведомство қызметінің барлық бағыттарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті.

2020 жылдың желтоқсанында Қадыровтың тағы бір қызы 20 жастағы Хадижат Грозный қаласындағы мектепке дейінгі білім департаментінің бастығы болып тағайындалды. Аймақ басшысының үшінші қызы Хутмат Қадырова – 2020 жылдың ақпан айында республика басшысы хатшылығы басшысының орынбасары болды. Ол оңалту орталықтарының жұмысына жетекшілік етеді.

2021 жылдың ақпан айында Қадыровтың 13 жасар ұлы Адам өзінің алғашқы сайлауында жеңіске жетті. Ол Республиканың Тұңғыш президенті Ахмат Қадыров атындағы білім беру орталығында студенттік өзін-өзі басқару президенті болып тағайындалды.

[:]