АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шетелдіктер қазақстандық қыздарды виртуалды порнобизнеске жұмылдыруда[:]

[:kz]

Қазақстандық қыздар виртуалды порнобизнеспен айналыса бастады. Олар веб-камера арқылы ерлердің талап-тілектерін орындап, сол үшін ақша алады. Мұндай онлайн-кездесулер үшін Алматыда, тіпті, арнайы студиялар ашылған. Кәсіптің бұл түрін шетелдіктер қолға алған деген болжам бар. Себебі Қазақстанда мұндай сорақы жағдай бұрын-соңды болмаған, деп хабарлады КТК арнасы.

 

prprosos«Жұмысқа модель қабылдаймыз: айлық жалақысы жоғары, жұмыс кестесі оңтайлы, жаңа құрылыс алаңындағы ыңғайлы кеңсе», – алматылық ару Аяның хикаясы дәл осы хабарландырудан бастау алды.

Өзін Виктория деп таныстырған әйел Аяға аптасына 50 мың теңге беретінін, ол үшін бар болғаны камера арқылы шетелдіктермен әңгіме-дүкен құруы керектігін айтқан. Алайда іске келгенде барлығы басқаша болды.

«Көйлегімді көтеруімді, шөлкемді, аяғымды көрсетуімді, одан қалса төсекке жатып сол сәтті көрсетуімді сұрады. Одан: «Сонда шешінейін бе әлде көйлегімді көтерейін бе?» деп сұрадым. Ол: «Жоқ, көйлегіңді көтер, ақша жоқ па, шешінбе. Ақша берсе шешінетін боласың», – деп жауап берді.

Қылымсушылық немесе камера алдында эротикалық би билеу – бұл клиенттер талап ететін нәрселердің ең зілсізі. АҚШ-тық не еуропалық клиенттер тіптен сорақы амалдарға баруын талап ететін көрінеді.

Алматылық бойжеткен жұмысқа орналасқан кеңсе үш бөлмеден тұрады. Веб-камера, монитор және пернетақтамен жабдықталған екі жатын және бір қонақ бөлме. Төсек пен шырағдан романтикалық атмосфера орнатып тұр.

Айя тек екінші күні ғана виртуалды порнокәсіптің құрбаны болғанын түсінген. Бойжеткен фирманың атауы мен құжаттарын сұратып талап етсе керек-ті. Ал жұмыс беруші мұның екеуін де көрсете алмаған. Ал вебкам-студия басшысы Қазақстанда заңсыз кәсіппен айналысып жүргенін мойындады.

– Ресейден, Петербургтансыңдар ма…

– Иә.

– Мұнда жай жұмыс істеп жүрсіңдер ме?

– Әзірге осында тұрып жатырмыз, кейін ашыламыз.

– Біздің ресми жұмысымыз жоқ.

–  Яғни заңсыз жұмыс істеп жатырсыздар?

– Жұмысымыз тек жарты жылдан кейін ресми түрде тіркеледі. Әзірге заңдық…

Вебкам-студия мен вебкам-модельдер – вебкам-бизнестің негізгі құрауыштары. Аталған жұмыс түрі АҚШ, Еуропа, Жапония, Ресей мен Украинада танымал. Алматылық вебкам-модельдердің сөзінше, шығыс қыздары шетелдік клиенттердің сұранысына ие.

Біз тәжірибе жүргіздік: ғаламтордан жұмысын енді бастап жатқан модельдердің ұсынысын таптық. Басты талапты білдік: шығыстық түр келбетке ие болу және ағылшын тілін білу.

Жұмыс берушімен сұхбат тұрғын үйдің ішінде өтеді. Өзін Елена деп таныстырған әйел Ресейден келгенін, американдық компанияның Алматыдағы өкілі екенін айтты. Одан бөлек, АҚШ, Канада, Батыс Еуропада саудаланатын іш киім жарнамасына модель іздейтінін тілге тиек етті. Ресейлік әйел еңбек келісім-шартын бермейтінін және мекеме атауын атамайтынын бірден ескертті.

«Әйелдерді арбау жолымен тұзаққа түсіріп, шақыратын белгілі адамдар тобы жұмыс істеуі мүмкін», – дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Заң жүйесінде «вебкам-бизнес» деген түсінік мүлдем жоқ. Сондықтан ұйымдастырушылар жұмыстың бұл түріне нақты қандай атау берді, оны айту қиын. Алайда атауы белгісіз, күмәнді жұмысқа шақырылған қыздарға абай болуға ескертеміз. Шетелдік клиенттермен болатын «ойынның» немен аяқталатынын да ешкім білмейді.

stan.kz

[:]