[:kz]
ШҚО-да қоғамдық орында орнатылған мөлдір шыны есіктер жұртты ойландырып қойды. Мұндай есікті Риддер мемлекеттік ауруханасынан байқауға болады деп жазады Uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
20 ақпанда өткен жөндеу жұмыстары кезінде аурухананың бірінші қабатындағы дәретханаға мөлдір есіктер орнатылған.
Науқастардың сөзінше, бұл есіктер оларға қолайсыздық тудырады. Одан бөлек, олар бұл әрекетті аурухана басшылығының науқастарға сыйластық танытпауымен түсіндіруге болады дейді.
[:]