АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ШҚО-да жер сатылып жатыр деген әңгіме өтірік болып шықты[:]

[:kz]

Шығыс Қазақстан облысында 40 мың гектар жер шетелдіктерге сатылып кетті деп ғаламторда жүрген әңгімені жергілікті атқамінерлер теріске шығарды деп хабарлайды КТК арнасы

Онда жергілікті халықты көшіру үшін әрқайсысына 5 млн теңгеден беріліп жатқаны да сөз болады. Аймақтағы атқамінерлер мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

Қазақстанда жерді сатуға мораторий жарияланған. Сондықтан қандай да бір шетел азаматына тоқымдай да жер берілмепті. Шенеуніктер жұртты түрлі месенджерлерде тараған жалған ақпаратқа дүрлікпей, сабырлық сақтауға шақырады.

«Жер тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі. Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып еңбектеніп жатыр. Жалған ақпарат тартпауларыңызды сұраймыз», — дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Еске сала кетейік, жердің шетелдіктерге сатылмайтынын таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қадап айтқан болатын.

Дереккөз КТК арнасы

[:]