[:kz]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай бойы Арыста тұрады. Ол аймақты сол жерден басқаратын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкім кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, Шөкеев бір ай Арыста болады. Ол қаладағы жұмыстың орындалуын өзі қадағалайды.
Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы облысты сол жерден басқарады.
Қалқаманов бірінші кезекте үйлерді мен әлеуметтік инфраструктураны қалпына келтіру жұмыстары тұрғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін әскери бөлімнің қоймасындағы оқ-дәрінің жарылыстарынан кейін үйлердің 80 пайыздан астамы жойылғандығы туралы айтылған болатын.
[:]