АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Шошып кеттім»: Жұлдыздар есімдері тасқа жазылған әріптестерін сынға алды[:]

[:kz]

Аттары мәрмәр тасқа жазылған Бүркіт пен Айгүл Иманбаеваны өнердегі өз әріптестері сынап тастады. Шоу-бизнес жұлдыздары көзі тірісінде ескерткішке ие болуды аса ерсі екенін айтты. Оған қоса, олар мұндай құрметке күш жұмсап, шынайы еңбек еткендер ғана лайық деген пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aisha_vee/gulnurorazymbetova/daulet_bizhanov_official/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aisha_vee/gulnurorazymbetova/daulet_bizhanov_official/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гүлнұр Оразымбетова бір сахнаны бөлісіп жүрген әріптестеріне көрсетілген құрметке қатысты ойын ортаға салды. Ол жұлдыздардың есімі жазылған ескеркіштерді алғаш көргенде аса шошып кеткенін жасырмады. Ол көзі тірісінде мәрмәр тасқа достарының аты жазылғанын қаламайтынын жеткізді.

«Маған, бірінші рет көрген кезде ерсі көрінді. Себебі, біз ондай мәрмәрдан жасалған тақтайшаларды қайтыс болған кісілерге, ескерткіш қойған кезде ғана көріп жүрдім. Ал енді мынадай дүниені көріп, мен шын айтқанда шошым кеттім.Мен Бүркіттің Instagram парақшасынан көрдім. Тараздан шыққан үлкен тұлғаларға, белгілі әншілерге арнап сондай тақтайшалар ашыпты.

Ол енді ел ағаларының тарапынан құрмет шығар. Бірақ, меніңше, кішкене ойлану керек сияқты. Кәдімгідей, анық-қанығын, дұрысын, тәртібін білетін үлкен кісілерден сұрап барып жасау керек еді негізі. Мен ақылдаспай жасалған дүние деп ойладым. Себебі, мен әзірге мәрмәрға көзі тірісінде достарымның аты жазылғанын қаламаймын» , — деді Гүлнұр Оразымбетова.

 
 

Ал тележүргізуші Дәулет Бижанов бұл тұрғыда Бүркіт мен Айгүл Иманбаеваға ой-пікірі түзу болғанымен,

«Шынымды айтсам, Айбек ағамыз бен Айгүл ханыммен де сәлеміміз түзу. Еш қарсылығым жоқ. Бірақ, мен айтар едім: артықтау сияқты. Себебі, сен ән айтып, ескерткішке ие болсаң, бұл қаншама мұнайшының, құрылысшының, әскери адамның, өрт сөндірушінің сағын сындырады. Өйткені, олардың еңбегі ерен. Мен осы ескерткіштерді шынымен, күшпен еңбек еткендерге салса деймін. Мәселен, ұшақты қолмен қондырған адамға. » , — деді ол.

Танымал әзілкеш Жанболат Найзабеков болса, ескерткішті тек оған лайық тұлғаларға орнату керек екенін айтты.

«Қарсымын. Бірақ, кеше Атырауда Фариза Оңғарсынованың ескерткішін көріп, бір жақсы демалып қалдым. Ескерткіш қоюға лайықты адамдар бар. Сол лайықты адамдарға қойылса деген ойдамын» , — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Бүркітке Тараз қаласынан ескерткіш орнатылғанын хабарлаған болатынбыз. Оның есімі аталмыш өңірге еңбегі сіңген тұлғалар қатарына енген.

Онымен қоса, Жамбыл облысына үлес қосқандар арасында Айгүл Иманбаева да бар болып шықты. Әншінің де есімі аталмыш аллеядағы тақтайшаға жазылған.

 

[:]