АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шұбаттын пайдасы[:]

[:kz]

bez-nazvaniya-4Інген сүтінен ашытылған бұл сусын да қазақ аспазшылығында кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық қасиеті жағынан шұбат құнарлы және тіл үйіретін дәмді тағам болумен қатар, А, В1, В2, С дәрумендеріне өте бай. Мәселен, ондағы дәрумендер сиыр сүтіндегіден бірнеше есе артық. Бір литр шұбат адам ағзасының С дәруменіне, тиаминге және рибофламинге деген тәуліктік қажетін қамтамасыз етеді. Шұбаттың құрамындағы май, ақуыз, кейбір минералдық заттар мен дәрумендер айранан едәуір көп. Шұбат ашытудың әдіс-тәсілдері қымыз ашытқандағыға ұқсайды.

 

  Шұбаттың сапасы көбіне ашытқының сапасына байланысты. Маусымның басында, қолда әлі шұбат жоқ кезде, інген сүтін ашыту үшін арнайы ашытқыны пайдаланады. Қымыз сияқты шұбат та тәуліктік саумал, әлі ашып жетіліп болмаған  —  екі тәуліктік, әбден ашып жетілген  —  үш тәуліктік шұбат болып бөлінеді.

 Інген сүтінен шұбаттан басқа қой, сиыр сүтін қосып, қатық, сүзбе, құрт сияқты сүт өнімдерін жасайды.

anabol.kz

[:]