АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Швейцария қаптаған министр, депутаттарсыз-ақ елдің ең алдында тұр екен[:]

[:kz]

Швейцария үкіметі сегіз адамнан ғана тұрады екен. Бұл сегіз адамның біреуі Конституция бойынша жыл сайын ауысып, бір жылдан елге Президент болса, екіншісі Вице-президент болып тағайындалады. Осы сегіз адам кезектесіп елге басшы болып, бәрі бір-бір министрліктің құлағын ұстап, министрлердің қызметін атқарып отырады екен.

Президенті де бір сала министрліктің жұмысын өз мойнына ала­тын көрінеді. Осы Швейцария үкіметін жұрт әлемдегі өте демо­кратиялық, шағын және халыққа тиімді үкімет деп санайды деседі.

Ал біздің «я поручаю Правительству» дейтіндердің өзі бас болып бір министрліктің қызметін атқаруын елестету тіпті мүмкін емес-ау… Оларға ондай «ұсақ-түйекке» бас қатырудың не қажеті бар? Бізде олар ондайға келмейтін тым «ұлы тұлға» боп келеді. 

Швейцария Парламенті де әлемдегі көп шығын талап етпейтін ең арзан Парламент саналады екен. 

Швейцарияда Парламент депутаттары, дәрігер болсын, адвокат болсын, инженер болсын, жыл он екі ай өздерінің негізгі жұмыстарын істеп жүре береді екен. (Инженер өзінің жобасын сызып, дәрігер адам емдеп, заңгер заңын қорғап дегендей) . Осы қос палатадағы 248 депутат тек жылына төрт рет бас қосып, 15 күннен мәжіліс ұйымдастырып, халықтың қордаланып қалған мәселелерін жан-жақты талқылап, заң қабылдап, осы он бес күнде борша-борша болып, қара терге түседі екен. Сондағы олардың алатын депутаттық жалақылары – ай сайын 5,5 мың евро немесе жылына 60 мың евро. 

Ал халықтың орташа жалақысы 5 мың евро болады. Сонда ол жақтағы депутатыңыз қарапайым швейцар мұғалімінен бес жүз евро ғана артық ақша алады екен.  Бұл көр­сеткіш бойынша Ресейдегі Дума депутаттары қарапайым орыс мұғалімінен 10 – 15 есе артық жалақы алатын болып шық­ты. Өкінішке орай, біз де осындай жабайылықтың қатарындамыз.  Осы жерде ең күйінерлігі сол – өз халқының орташа жалақысынан 10 есе артық жалақы алып отырған Парламент депутаттарының тікелей міндетін атқаруы үшін жанама түрде «Жер комиссиясы», «Ұлттық кеңес» дейтін ұйымдардың құрылатынын айтсаңызшы! «Малайға да малай керек» деген осы шығар…

 

Бұл Швейцария сонау Гитлердің заманынан бері мұрты бұзылмаған еуропалық дәулетті де сондай ерекше, тым тәуір ел еді, қазір де сондай үздік елдердің қатарында. 

 

Қайран Еуропа, сенен үйренеріміз көп-ау біздің…

 

Олжас ӘБІЛ.

Замана

[:]