[:kz]
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бүгінде елімізге келіп жатқан Ресей азаматтарына қатысты пікір білдірді. Ол аталған мәселе үшін алаңдаушылық танытып жатқан отандастарын шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Динара Сәтжан бұл тақырыпты Instagram парақшасында көтерді. Оған қоса БАҚ өкілі өз елін тереңірек танып-білу мақсатында мемлекетіміздің әр қаласында тұрып көргісі келетінін жеткізді.
«Дәл осындай фотоны Мальдив аралдарында да жасауға болатын еді. Бірақ бұл сурет Ақтауда жасалынды. Бұл қалада тұрсам өте сапалы видеоконтент жасайтын едім. Каспий жағалауында сұхбат алар едім. Өз елімді тереңірек танып-білу үшін Қазақстанның әрбір қаласында кемінде бір ай уақыт тұрып көргім келеді. Қазіргі уақытта бізге Ресейден адамдар келе жатыр. Меніңше, бұл тұрғыда біз көршілерімізге түсіністікпен қарауымыз керек. Өзіміздің қонақжайлығымыз бен шыдамдылығымызды танытайық», — деп жазды ол.
[:]