АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Шыдамдылық танытыңыздар”: Ел наразылығына тап болған Дина Төлепберген өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді [:]

[:kz]

 

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының «Қайын атадан, қойын атаға» атты шығарылымы халықтың  қатты наразылығына ұшырады. 
Мыңдаған пікірлердің 99% -ы бағдарламаны сынап жазғандар. Көпшілігі «жабылсын» деп талап еткен еді.

Нәтижесінде зинақорлықтың сорақы түрі жария етілген бағдарламаның жалғасы кешегі күні эфирге шықпай қалды. Көпшілік мұны ел наразылығының жеңісі деп бағалады. Дегенмен оқиғаның соңын күткен көрермендер де көп болса керек.

Бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген инстаграм әлеуметтік желісіндегі stories бөлімінде оқырмандарына видео салып, сұрақтарына жауап берді.

Барлықтарыңызға қайырлы таң.

 

«Астарлы ақиқат» өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір бірер минуттардан кейін түсірілім басталады. Бүгін біз түркістандық Әсияның оқиғасының жалғасын яғни ДНК сараптамасының нәтижесін білетін боламыз. Бүгін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қойылады.
Бұл бағдарламаны сіздер таяу күндерде көре аласыздар. Сондықтан да шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын.

Амандықта, саулықта жүздесейік қашанда.” — деп өз сөзін аяқтады. 

 

Осыған қарағанда аталған оқиғаның жалғасы бәрібір көрсетіледі.

Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]