АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Шымкент рулит»: Елорданы бағындырған шымкенттіктер кімдер?[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанға әр жылдары келіп, өз өнерімен бас қаланы бағындырған шымкенттіктер аз емес. Олардың қатарында әншілер мен спортшылар да, тіпті, тележүргізушілер де бар. KAZ.NUR.KZ бүгінгі топтамада шым қаладан шығып, елорданы бағындырған танымал тұлғалардың тізімін ұсынады.

 

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

 

Ел астанасы – Нұр-Сұлтанға осыдан он шақты жыл бұрын Түркістаннан келіп, бас қалада тұрақтап қалған әншілердің қатарында Қайрат Нұртас көш бастап тұр. Ата-анасымен бірге елордаға біржолада қоныс аударған олар, бүгінде бас қаланың төрінде, хан сарайындай зәулім үйде тұрып жатыр.

Нұр-Сұлтанға 2000 жылдардың басында көшіп келген тағы бір шымкенттік өнер иесі, әнші Маржан Арапбаева. Ұлттық ұланда көп жылдан бері ән салған эстрада жұлдызы, былтыр ғана зәулім коттеджге көшкен еді.

Елордада әншілік өнерімен бірге, бизнесін де дөңгелетіп жүрген тағы бір әнші – Алтынай Жорабаева. Төрт қыздың анасы бас шаһарда жиһаp сататын бутик те ашқан еді. Алтынай Жорабаева бүгінде қыздарымен бірге елордада бірнеше жылдан астам уақыт бойы тұрып жатыр.

Эстрада жұлдыздарынан бөлек Нұр-Сұлтанға қоныс аударған танымал тұлғалардың қатарында есімі елге таныс тележүргізушілер де бар. Бүгінде «Өз ойым» бағдарламасын жүргізіп жүрген Ляйля Сұлтанқызы да Шымкент қаласында дүниеге келген.

Белгілі гимнасшы, шымкенттік Әлия Юсупова да бүгінде елордада орын тепкен. Танымал спортшы екі баласын тәрбиелеумен қатар, талантты жасөспірімдерге гимнастикадан сабақ береді.

Сол сияқты танымал боксшылар Болат Жұмәділов, Мұхтархан Ділдәбековтер да бас шаһарға қоныс аударған. Олардың екеуі де бүгінде көпшілік алдына жиі шыға бермейді.

[:]