[:kz]
Бұған дейін келіншек үш бала тәрбиелеп отырған еді.
Сәбилер 1500-1600 грамм салмақпен дүниеге келген. Үшемдердің анасы 38 жастағы Фазила Досметова жүктіліктің алты айында босанып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Мерзімінен ерте туған шақалақтар жансақтау бөлімінде ем дом қабылдаған.
«Шалабайлардың өмірін аман алып қалу үшін қалалық перинаталды орталықтың медицина мамандары қолдан келгеннің бәрін жасадық. Анасы мен сәбилері қазір өздерін жақсы сезінеді. Бір ай ішінде үшемдердің салмағы 2500 грамға жетті», — дейді қалалық перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Мақсат Акпар.
Үшемдердің анасы енді көпбалалылардың қатарында. Бұған дейін Фазила Досметованың үш перзенті бар.
[:]