АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Шымкентте балабақша меңгерушілері 45,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды күдікке ілінді [:]

[:kz]

 

 

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі ресми Telegarm-каналында.

Ведомствоның мәліметінше, балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысуын тіркейтін табелге жалған мәліметтер енгізіп, жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды күдікке ілінген. Қаржы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне арналған жан басына шаққандағы қаржыландыруды қарастыратын «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген.

«Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», — деп қосты Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

 

kaz.nur.kz

 

 

 

[:]