[:kz]
Шымкенттегі Магнум дүкендерінің бірінде шекер үшін бет-жыртысқан қауымның видеосы тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Аталған видео Instagram әлеуметтік желіснде тарады. Видеодан кезекте тұрған қалың халықтың арасында етегіне баласы оратылып тұрған әйелдің ащы айқайы мен, исертерикалық жылауы анық түсірілген.
Видео астына желі қолданушылары: «Бұл — Қазақсанның болашағы. 2050», «Төбелеспей алуға болмай ма?», «Мынау не? Ашаршылық келді ме?», «Не деген жабайылық», «Масқара ғой мынау», «Қантсыз да өмір сүруге болады ғой.
Адамдар, көздеріңді ашсаңдаршы»,- деп жазып жатыр. Видео астында оқиға орын алған Магнум дүкені: Сәлеметсіз бе! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қазақстанда қант жетіспеушілігі Ресей қанттың экспортын тоқтатқаннан кейін басталды (елге қанттың 55% — ы РФ-дан әкелінеді). Көптеген қазақстандықтар болашақта пайдалану үшін қант сатып ала бастады. Осыған байланысты жасанды тапшылық пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көріп отырғаныңыздай, проблемалар жүйелі. Біз өз тарапымыздан осы жағдайды тез шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Бірақ бәрі бізге байланысты емес. Сондықтан шыдамды болуды сұраймыз»,- деп жазды.
[:]