[:kz]
Шақалақтың мәйітін таңғы уақытта қоқысты жинауға келген коммуналды мекеме жұмысшылары байқаған. Қоқыс жинаушылар пакет ішіндегі нәрестені көргенде шошып кеткендерін айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Қоқыс жинаушы мекемедегілер таңғы уақытта әдеттегідей жұмысқа кіріскен. Сағат 7-лер шамасында Т.Рысқұлов көшесі бойына келген. Жәшіктегі қалдықтарды жинау кезінде пакет ішіндегі белгісіз затты байқаған. Ашып қарағанда жаңа туған шақалақтың денесін байқаған. Жынысы — ұл. Дереу полицейлерге хабар беріпті.
Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатқанын, толық ақпаратты кейінірек жіберетінін айтты.
[:]