[:kz]
Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бірінші науқас жайлы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сырқаттанған науқастың 20 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Шымкентке келгені анықталыпты. Қазіргі таңда ауру жұқтырған азамат қалалық инфекциялық ауруханаға жатқызылыпты.
«Науқастың жағдайы қанағаттандырарлық. Онымен қарым-қатынаста болғандардың барлығы да оқшауландырылды. Олардың жағдайы да тұрақты. Өмірлеріне деген қауіп жоқ», — деп мәлімдеді Варзилов.
Бұған қоса ол қазақстандықтарға айтылған талаптарды сақтауға және оған бей-жайлықпен қарамауға шақырды. Сондай-ақбасқарма басшысы жағдай қиындамайды деп сендірді.
«Бір аурудың алдын алу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз. Қазір коронавирус инфекциясының таралуы қатаң бақылауда. Алдағы уақытта жағдай ушықпайды деген үміттеміз», — деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін коронавирус Шымкентте анықталғаны айтылған еді.
[:]