АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте қыста қар, күзде жаңбыр суын пайдаланып отырған тұрғындар жанайқайын айтты[:]

[:kz]

Шымкенттің жанындағы Айкөл ауылы су тапшылығынан зардап шегуде. Қала құрамына бес жыл бұрын кірген елді мекен тұрғындары қыста қарды ерітіп, күзде жаңбыр суын пайдаланып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

 

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

 

Не телефон желісі, не мектебі жоқ Айкөл ауылының басты соры – ауыз судың жоқтығы. Тұрғындар қалаға қатынайтын көрінген көлікке жалынып, бір шөлмек болса да таза су әкелуін өтініп, әлекке түседі екен. Тіршілік нәрі арман болған айкөлдіктер кез келген суды кәдеге жаратуды үйренген.»Жаңбыр келсе шелек-шелекті шифердің астына қоюмен әлекпіз. Ал кейде қыстыңгүні қар ерітіп ішеміз. Ал бізді ескеріп жатқан бір адам жоқ. Сыртымыздан қатырып жатырмыз деп жатқан шығар. Бірақ бір басшыны көргеніміз жоқ», — деді ауыл тұрғыны Айтолқын Мырзабекова.

Айкөлдіктер ауылдағы жалғыз трактор 18 шақырымдағы скважинадан екі күнде бір рет су таситынын алға тартты.

Олардың сөзінше, 3 тонна су 5 мың теңгені құрайды.

Тұрғындар трактор бұзылып, болмаса жүргізушісі қыдырып кетсе айкөлдіктер атпен, есекпен, тіпті жаяулатып болсын шалғайдан су тасып әуреге түсетінін ашына жеткізді.

Олардың айтуынша, шенеуніктер былтыр су тартамыз деп жоба жасағанымен, бірақ жұмыс бастала сала тоқтап қалыпты.«Басшыларға барсақ ақшаның бәрі Түркістанға бөлініп жатыр дейді. Бұл жаққа ақша жоқ екен. Сонда біз адам емеспіз ба?!», — дейді елді мекен тұрғыны Аманбай Байдуллаев.

Шенеуніктер Шымкент ақшадан қағылып жатыр дегенді жоққа шығарды. Олардың айтуынша, ұңғыма қазу мен құбыр тарту жұмыстары биылдан қалмай бітуі керек.

Бұл мәселені бірер күнде шымкенттік депутаттар талқыға салатынын жеткізді.»Келісім шарт бойынша тамызда бітіру жоспарланған. Ақша бөліну керек. Келісімшарт бойынша 168 миллион. Көп қаржы емес қой 168 миллион деген», — дейді Абай Ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.  

Дерекөз: КТК арнасы

 
  

[:]