АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте медбикені зорлап кеткен: Ақталып шыққан дәрігер қайта сотталды[:]

[:kz]

Шымкентте медбикені зорлаған дәрігер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылы Шымкенттік медбике «бастығым зорлап кетті» деп полицияға шағым түсіреді. Оның сөзінше оқиға сәуір айында орын алған. Алайда мәселені басшылықпен шешемін деген зардап шегуші құқық қорғау органдарына бірден жүгінбепті. Арада бір ай уақыт өткененнен кейін ешқандай дәлел болмағандықтан айып тағылғын дәрігер ақталып шығады.

Алайда, бір жылдан кейін іс қайта қозғалып, Шымкент қалалық соты зорлаушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Қылмыскер сот залынан қамауға алынды. Сонымен қатар, дәрігер жәбірленушіге 1 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелген.

Мәселеге қатысты оқиғаның басы-қасында жүрген «Nemolchi» қорының жетекшісі Дина Смаилова пікір білдірді.

«Бұл мәселе бойынша 15-тен астам сот отырысы өтті. Сот құрамына алғыс айтқым келеді. Өйткені іс мұқият қаралып, жаңадан тергеу жұмыстары жүргізілді. Прокурорға рахмет. Бұл жағдайда әділдік орнады деп санаймын», — дейді ол.

Сот айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екенін ескере отырып, жазаны ауырлығы орташа қылмыс бойынша тағайындады.

[:]