АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте өкпені жасанды желдететін аппаратты қымбатқа сатып алғандар жазаланады[:]

[:kz]

Шымкентте жасанды тыныс алу аппараттарын тым қымбатқа сатып алуға жол бергендер жазалануы мүмкін. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

 

Құзырлылардың дерегінше, маусым айында шамамен 257 млн теңгеге 12 ӨЖЖ аппараты мемлекеттік тапсырыс арқылы алынған.  Ресейлік өнімнің әрбір данасы 21 миллион 400 мың теңгеге түскен.

 

«Атап айтқанда жалпы соммасы 40 млн теңгеге артық қаражат жұмсалған. Атап өту керек, бұл аппараттар «Авента -М» аппараттары Ресей Федерациясына алдында шектеу қойылған. Кейіннен біздің Қазақстанда да шектеу қойылды. Бүгінгі таңда бұл факт бойынша денсаулық сақтау басқармасының тұлғаларына қатысты тиісті процессуалдық шара қолданылады», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев.

Ал жасанды тыныс алдыру аппараттарының құнына қатысты денсаулық сақтау басқармасы ақпарат беруге үзілді-кесілді қарсы.

 

 

[:]