АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте шеруге шыққандарға шара қолданыла ма?[:]

[:kz]

Шымкенттің бас полицейі наразылыққа шыққан арыстықтарға ешқандай шара қолданылмайтынын айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

«Олар  шеруге шығамыз, бастысы тәртіп бұзбаймыз деп айтты. Шықты, біздің қызметкерлер, 250-дей полицейлер қарап жүрді. Көмек сұрап отыр ғой енді халық. Ешқандай тәртіп бұзушылық орын алған жоқ. Ешкім ешкімді ұрмады, жарақат алғандар да болмады. Сондықтан біз шеруге шығушыларға  шара қолданбаймыз» , -деді Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов.

«Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында орын алған жайт бойынша не айтасыз?» деген тілшілер сауалына департамент басшысы: «Ешқандай баға бере алмаймын. Бәрі ойдағыдай өтті. Ешқандай заң бұзушылық болмады» деп жауап берді. Сондай-ақ қаланың бас полицейі шымкенттіктер үшін бұл жағдайға алаңдауға негіз жоқ» , деп айтты.

Еске салсақ, бүгін Арыстағы жарылыстан соң Шымкентті уақытша паналаған арыстықтар үшінші мегаполисте жаппай наразылық шеруін ұйымдастырды. Қаладағы Ақмешіт мешітінен бастау алған шеруге шығушылар орталық алаңға дейін жүріп өтті. Наразылық ұйымдастырған олардың Арыстағы үйлеріне барғылары жоқ. Үрейленген халық жерігілкті биліктен Шымкенттен немесе Түркістан облысының қауіпсіз аймғанынан үй мен жер телімін беруді талап етті.

  

[:]