[:kz]
Бұрын сот отырысының хатшысы болған Шымкент тұрғыны Жадыра Оралымбекова қызметінее қайта оралуын сұрайды. Ол орынын тергеушіден торт алғаны үшін босатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттіг 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Жадыра Оралымбекова 12 сәуірде қызметінен босатылған. Оған тергеуші берген торт себеп болған. Әйелдің айтуынша, ол мұны сыйластығы үшін алған. Бірақ тәртіптік комиссия мұны заңсыз сыйақы деп санаған.
“Сотта жауапкер тарап жеке қаулыны енгізбегені үшін сыйақы алды деп мәлімдеді. Бірақ сот хатшысының жеке қаулы шығаруға құқығы жоқ. Ол дәлелдемелер ұсынды және торт № 3 балалар үйіне берілген”,- деді адвокат Талғат Монтаев.
Жадыра Оралымбекова үш баланы жалғыз асырауда. Ол жұмыссыз қалған күндерінің ақысын өтеткісі келеді
“Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, мен үш баланың анасымын, жалғызбасты анамын. Мен қазір шарасыз жағдайдамын. Үшінші ай әділдікке жетуге тырыстым, жалақысыз отырмын. Мектепке киіну былай тұрсын, балаларды тамақтандыратын ештеңем жоқ”,-деді ол.
Әл-Фараби аудандық сотының судьясының айтуынша, олар хатшыны тексере бастаған. Онда қызметшіні тексеру жүргізілген үш тармақты сипаттады. Торт сол тармақтың бірі ғана.
“Екіншісі – тергеушіден айыптау актісін алған, үшіншісі – сотталушының анасының арызын алған. Мұның барлығын ол тікелей тараптардан алмауы тиіс еді. Ол процессуалдық емес байланысқа түсті”,- деді Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Бақытжан Бөрібеков.
Заңгердің айтуынша, осы екі бап бойынша жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткен. Оның үстіне құқық қорғаушылар нақты қандай сыйлық үшін қызметтен босатуға құқылы екенін айта алмаған. Ол сонымен қатар заңда белгілі бір мақсат үшін әрекет жасаған адам сыйлық алса, қызметінен босап, жауапкершілікке тарылатынын айтты.
[:]