[:kz]
Шымкентте төрт айлық сәби шеге жұтып қойған. Ата-анасы оның буындары ауырғандықтан, дәрігерлерге жүгініпті. Алайда ортопед дәрігер рентген суретінен баланың асқазан-ішек жолдарынан темір затты көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Дәрігерлер сәбидің асзақан-ішек жолдарынан темір затты байқағаннан кейін оған шұғыл түрде ота жасады. Себебі шеге асқазан-ішек жолдарын тесіп кетуі мүмкін.
«Ота кезінде дәрігерлер электрондық-оптикалық рентген құрылғысы арқылы бақылай отырып, лапароскопиялық әдіспен бөгде заттың орналасқан жерін нақты анықтап, оны асқазынан алып шықты», — дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Сәбиге ота жасалғаннан кейін, оның жағдайы жақсарды. Ол ауруханада шамамен бір апта жатып, артынша үйіне шығарылды.
Сәбидің ата-анасының сөзінше, ол шегемен ойнап отырып, аңдаусызда біреуін жұтып қойған. Өз кезегінде олар мұны байқамай қалыпты.
Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі уақытта сәбидің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
[:]