АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте түсірілген даулы видео: Құрылыс басындағы қызыл мата Қытай туы ма (видео)[:]

[:kz]

Желіде кейбір қолданушылар Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйде ілінген қызыл матаны Қытайдың туы деп ойлаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінде Шымкентте Қытай туы ілінді деген атаумен видеоролик жарияланған. Кадр сыртындағы дауыс салынып жатқан үйдің төбесінде Қытай туы ілінді дейді.

«Тойхана «Екі жұлдыз», «Ұлытау», қарсы жақта «Шымкент Sity» құрылысы жүріп жатыр. Қазақ жерінде Қытай туы желбіреп тұр. Сіздер қазақ туын Қытайға барып іліп көріңіздер», — дейді кадр сыртындағы дауыс.

Оқырмандардың кейбірі оған қатысты «Қандай мақсатпен қойды екен жалауын», «Алып тастау керек» деп пікір қалдырған.

Алайда артынша сол құрылысты салып жатқандар бұл видеоға жауап ретінде ролик түсіріп, жариялаған.

Құрылыспен айналысқандардың бірі өзін Өмірзақ Кереңқұлов деп таныстырып, даулы видеода Қытай туы емес, қарапайым қызыл мата ілінгенін айтады.

«Мен, Өмірзақ Кереңқұлов, Қазақстан Республикасының азаматымын. Біз бір топ жұмысшылар осында жұмыс істейміз. Біз бұл қызыл матаны көз тимеуі үшін ырымға ілдік. Себебі жұмыс жақсы жүріп бара жатыр. Біреулер түсіріп, халық арасына іріткі салу үшін бе, білмеймін, таратып жіберіпті. Бұл қарапайым қызыл мата. Міне, көріңіздер. Қытайдың ешқандай жалауы жоқ», — деген ер адам матаның арғы бетін де камераға көрсетеді.

 Tengrinews.kz 

 

[:]