АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте жеке куәлігін жоғалтып алған жігіттің атынан белгісіз біреулер 30 несие алып тастаған[:]

[:kz]

Шымкентте жеке куәлігін жоғалтып алған ер адамның атынан белгісіз біреулер отыз несие алып тастаған. Алайда бірден жаңа куәлік жасатып, полицияға арызданып, қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, «алаяқтар» несие алуды әлі де жалғастыруда. Өз сөзінде ер адам тергеудің баяу жүріп жатқанын айтты.

Шымкентте жеке куәлігін жоғалтып алған жігіттің атынан белгісіз біреулер 30 несие алып тастаған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Айқынбек Әлекеев былтыр күзде жеке куәлігін жоғалтып алғаннан кейін құзырлы органға арыз түсіріп, жаңа куәлік алыпты. Алайда шамамен жарты жылдан кейін банктердің бірінен өзінің төленбеген несиесі бары туралы хабар келген. Ізденсе, өзінің жоғалған куәлігі арқылы 30 несие алынғаны белгілі болады. Полицияның іс сотқа өтеді дегеніне сеніп жүрсем, арызым тіркелмей, куә ретінде жүргенімді білдім, дейді. Ал еркіндікте жүрген күдікті екі азамат өзін мазақ етіп жүргенін айтады. 

«Сол Асылбек деген бала темір жолда жұмыс істейді екен. Несиені Алматыға барғанда сол жақтан, біреуін Жамбылдан, біреуін Қарағандыдан, біреуін Оралдан алып кете берген. Енді пойызда жүрген адам әрлі-берлі қыдырып жүреді ғой. Содан алып кете береді. Екеуі бәрін ақылдасып істеп отыр ғой», — дейді Айқынбек Әлекеев.

Бүгінгі таңда «алаяқтардың» алған несиесі бір миллион теңгеге жеткен. Таңғаларлығы сол, ол несие алуды әлі де тоқтатпаған. Қылмыстық іс қозғалса да, әрекеттерін жалғастыруда, дейді шымкенттік азамат. Тіпті, олар кешірім сұрап, 300 мың теңге ақша ұсыныпты.

«Шешесімен келіп: «Мыншама ақша берейік, арыздарыңды алыңдар», — деді. Оларға арам ақшасының қажеті жоқ екенін айттым. Қолымен істеді ме, мойнымен көтерсін», — дейді Айқынбектің әкесі Оразбек Әлеке.

Шымкенттегі екінші деңгейлі банктер басқаның құжатымен келгендерге несие беруден бас тартқан. Бірін суретке де түсіріп алыпты. Несиенің барлығы шағын қаржы мекемелерінен алынған екен. 

Айқынбек Шымкенттің Еңбекші ауданына берілген алғашқы арызының белгісіз себептермен жоғалғанын, кейін қайта арызданғанын айтады. Бірнеше тергеуші қызметінен ауысыпты. Отыз мәрте несие алса да, әлгі екеуіне қатысты іс сотқа өтпеді, деп отыр. Жәбірленуші ретінде танылмадым деген ер адам прокурорға шағым жолдапты. 

Ал полициядағылар сұхбат беру үшін жіберілген хатқа заңда көрсетілген мерзімде жауап беретіндерін айтты.

[:]