[:kz]
Шымкентте нөсер жауған жаңбыр салдарынан тұрмыстық техника дүкенін су басып қалды деп хабарлайды Оtyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сауда үйінің қызметкерлері тұрмыстық техникаларды жауыннан қорғау үшін олардың бетін жауып, жанталасып жатқаны да байқалды.
Желі қолданушылары «дүкеннің шығындарын кім өтеп береді», «техникаларды қалай кім қалпына келтіреді» деген сияқты сұрақтарын жаудырған.
Олар «тауарлар кез келгеннің қолында кетіп қалмаса екен» деп алаңдайтындарын да жеткізді.
[:]