АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Шымкенттегі жарылыс: Қаза тапқан күзетші үш ай бұрын ғана үйленген [:]

[:kz]

 

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Марат Пашимов брифингте Шымкенттегі жарылыстан қаза тапқан күзетші туралы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз туыстарына көңіл айтып шықтық. Үш ай бұрын ғана үйленген екен. Туыстарының сөзінше, келіншегінің аяғы ауыр. Біз оны бақылауға аламыз, қолда бар көмекті жасаймыз. Несие бар екен. Ол жағынан да көмектесеміз «, — деді ол. Пашимовтың сөзінше, жерлеу мен ас беру шығындарын облыстық әкімдік төлеп береді. Өйткені перинаталдық орталық облысқа қарайды. «Сосын мемлекеттік мекемеде істейтін барлық қызметкердің өмірі сақтандыруға жатады. Ол кісі жұмыс орнында болған. Ресми түрде келісімшарты бар. Сол себепті сақтандыру компаниясы барлық төлемін төлейді», — деп атап өтті Пашимов. Ал қаза тапқан тағы бір жұмысшы жарылыс болған сәтте күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жүрген. «Ол кісі қатты жарақат алды. Содан бірден облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бірақ бес сағаттан кейін көз жұмды. Өйткені жарақаты өте ауыр болған», — деді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болып, салдарынан күзетшінің қаза тапқанын жазған едік.

 

[:]