АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкенттік азғын туған қызын төрт жыл бойы зорлап келген[:]

[:kz]

Шымкентте кәмелетке толмаған қызын зорлап жүрген азаматқа қатысты сот отырысы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот тергеуі барысында анықталғандай, 47 жастағы азамат шамамен бес жыл бұрын 13 жасқа енді толған туған қызын алғаш рет зорлаған.

Кейіннен баланы қорқытып, төрт жыл бойы төсек қатынасына тартып жүрген.

Өткен жылдың күзінде Шымкенттегі оқу орындарының бірінде білім алатын 17 жастағы бойжеткен сабақта кідіріп қалады. Ал әкесі оған хабарласа алмай, ашуға булығады.

Қыз үйге оралған сәтте азамат айғайға басып, оны үйден қуып шығады. Анасы оралғанша сыртта жүрген бойжеткен оған бар шындықты айтып береді. Келіншек бірден полицияға арыз тастайды.

 

Көп ұзамай азамат ұсталып, тұтқындалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Сот талқылауын жүргізу барысында сотталушыға арнайы медициналық-психиатрлық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде ол ресми түрде педофил болып танылды.

«Сот оны кінәлі деп тапты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Химиялық кастрация да тағайындалды», — деді Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аулан аралық сот судьясы Әбинұр Қарабаев.

 

KAZ.NUR.KZ.

[:]