[:kz]
Оралда күзетші қызметкерлерінің соққысынан кейін қайтыс болып кеткен ер адамның туыстары болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
32 жастағы Қуаныш Ахметов ауыр соққыдан кейін жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Оның өліміне кінәлі ретінде «Сова» күзет бөлімінің қызметкерлері ұсталған болатын.
Ағасының айтуынша, 24 желтоқсанда қуаныш әріптестерімен жаңа жылдық кешке барған.
«Мейрамханада жақсы отырыс болған. Бір уақытта көрші орындағы адамдармен араларында түсінбеушілік туған. Сол жерде барлығы бір-бірімен төбелесе кеткен. Ары қарай мейрамхана әкімшілігі полиция шақырған. Сөйтіп інімді полиция бөлімшесіне алып кетеді. Сол кезде оның аяғында аяқ киімі болмаған және курткасыз көлікке отырған. Ол жақта оның кішкене мас екенін анықтап, кейіннен үйге жіберген. Алайда, құжаттарын алатын кезде сол мекеменің күзетшілерімен сөзге келіп қалған», – дейді Асылбек.
Туыстары сол күзетшілер «Сова» қызметкерлерін телефонмен шақырған.
«Біздің білетініміз, күзетші қызметкерлері сол күні диспетчер бөліміндегімен спиіртік ішімдік ішкен. Содан кейін барлығы шақырған жерге шыққан. Диспетчер негізі өз орнында отыруы керек еді. Наркология бөліміне келген соң менің інімді ұра бастаған. Оны көлікке отырғызып, кетіп қалған. Заң бойынша егер адам көнбесе онда полиция шақыру керек. Бірақ олар інімді бір жаққа әкетпек болған. Сол кезде не болғанын сезіп, әжетханаға баратынын айтады. Бірақ көліктен шыға сала қашқан», – дейді Асылбек.
Әпкесі Бақыт Қуаныш қайтыс боларынан бұрын не болғаны туралы бірнеше мәліметтерді жинағанын айтады. Марқұмның туыстары оның өліміне кінәліллер өз жазасын алғанын қалайды.
«Сова» күзет агенттігінің директоры марқұмның жерлеу рәсіміне көмектесетіндерін айтады.
«Бұл қайғылы жағдайдың қалай орын алғанын біз де түсінбей отырмыз. Өйткені жұмысқа бұрын сотталмаған және мінезінде ақауы жоқ адамдарды алатын едік. Ол жігіттер әлі де жас. Әскерде болған. Сол түні екі қызметкеріміздің неге жұмыс \қа шыққанын білу бізге де қызық болып тұр. Басқа ештеңе айта алмаймыз. Барлығын тексеру жұмыстары көрсетеді», – дейді Сағынғали Құмарғалиев.
БҚО сотының баспасөз қызметі бұл іс бойынша күдіктілердің А.Қафизов пен А.Әділовты қамауға алу санкциясы қарастырылғанын айтты.
«Олар ауыр дене жарақатын келтіру «бабы бойынша мән-жайлар анықталғанға дейін 10 тәулікке қамалды, бұл абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелді», – дейді соттағылар.
[:]