[:kz]
Шымкент кәсіпкер Рамазан айында 8 млн теңгесін зекет беруге жұмсап, оның 3 млн-ын көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік алып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
«Мешітте қайырымды жандардың біз секілді көмекке мұқтаж отбасыларға тұрақты түрде көмек беріп тұратынын еститінмін. Содан мешітке келіп, осындағы имамдарға жағдайымды айттым. Олар бірден жақсы қабылдап, «келіңіз, тізімге қосамыз» деп жылы шырай танытты. Біз секілді отбасылар үшін үлкен көмек қой бұл. Азық-түлік үлестіріп берген кәсіпкер азаматқа отбасымның атынан алғыс айтамын. Алладан қайтсын», — деді жеті баланың анасы Насипа Ілесова.
Олардың қатарында мешіттерде тіркелген тұрмысы төмен отбасылар емес, қоластында еңбек ететін жандар да бар.
[:]