[:kz]
Шымкентте коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл шешім коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қабылданды.
Сондай-ақ, қала әуежай, теміржол және автостанциялар, балабақшалар жұмысын тоқтатады.
Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен). Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.
Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.
[:]