[:kz]
Шымкенттің құрметті азаматы атағын алған Қайрат Нұртас сахнада ән айта алмай қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына сілтеме жасап.
Tанымал өнер жұлдызы Қайрат Нұртас Шымкент қаласының құрметті азаматы атағын алып, сол күні қала күніне орай ұйымдастырылған концертте ән айта алмай қалған. Фонограммасы жарты жолда өшіп, қырылдаған дауыспен қаймықпастан ән орындағын ол жұртты күлкіге қарық қылған.
Бұл туралы белгілі әнші Толқын Забирова пікір білдірді. Оның айтуынша жағымсыз дауыс көрерменге естілмейтін көрінеді. Оны тек дыбысты реттеп отыратын мамандар байқап қалып, видеоға түсіріп алған.
«Ойбай! Ойбай! Арғы жақтан плюсын қойып қояды. Микрофон қосулы. Сонда халыққа плюс барып тұрады. Бірақ, істеп тұрған микрафонға жанды дауыста айтып жатқаны тек дыбыс режиссерларына ғана естіледі», — дейді Толқын Забирова.
[:]