[:kz]
Әлеуметтік желіде Кенесары ханның ұрпағы болуы мүмкін шіркеу қызметкерінің киіміндегі ер адамның суреті тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртазаның Facebook парақшасында жариялаған фотосы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Жазба авторының айтуынша, суреттегі ер адамның бірі — иеромонах Серафим, шын есімі Денис Анатолийұлы Кенесарин. «Суреттегі жас батюшка кім деп ойлайсыз? Бұл иеромонах — Серафим әкей. Шын есімі Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы. Ахметтен – Әзімхан, Әзімханнан — Мадияр, Мадиярдан – Анатолий, Анатолийден – Денис (Серафим) дүниеге келеді. Айтпақшы Әзімхан Кенесарин атақты Алаш қайраткері. Сталин заманында репрессияға ұшыраған. Әзімхан Кенесарин түрмеде отырғанда, немересінің есімі Анатолий болатынын ойламаған шығар …», — дейді жазба авторы.
Кеңесеры Қасымұлы — қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847), Абылай ханның немересі.
kaz.nur.kz
[:]