[:kz]
Достарының орынсыз қалжыңы азаматтардың басын бәлеге қалдырды. Олардың полициялық бағыттама ретінде шығарылған «Қаланы педофилдер торып жүр» деп жазылған портреттері әлеуметтік желіде тарап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі инАктау басылымына сілтеме жасап.
Жігіттердің бірінің әйелі бұл фото жай ғана әзіл дейді. Достарымыз фотошоппен өңдеп, кейін сыныптастардың тобына жіберген. Осы фото дәл мұндай қарқынмен әлеуметтік желіні шарлап кетеді деп мүлдем ойламағанбыз.
«Адамдар күйеуіме қоқаң-лоққы көрсетіп, жаза бастады. Оның достарының бірін тіпті жұмыстан шығарып жіберді. Бұл орынсыз қалжыңның пайда болғанына үш жыл болды. Соған қарамастан арадікідік шығып тұрады. Қайтадан басталады сосын. Мәне тағы да бәрі қайталанып отыр», — дейді әйел адам.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінде белгілі болғандай, фотодағы жігіттердің ешқандай қылмыстық іске қатысы жоқ және бағыттамаға қатысты ведомство ешқашан болған емес.
[:]