[:kz]
Қызылордалық Гүлмира Нұрмаханова 8 жастағы қызы өзінің құрбысынан таяқ жегенің айтып, шағымданды. Оқиға жуырда болыпты. Алты баласын асырау үшін жұмысқа тұрған ол перзенттеріне бас-көз болар деген оймен ауылдас құрбысын үйіне шақырыпты. Сол күні танысы ұл-қыздарға қараудың орнына ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларды шынжырмен ұрып-соққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы
Әйел оқиға жайында уақыт өте білгенін айтады. «Екі күннен кейін жуындырайын десем, шешпейді үстін, жылайды.
Мен Әйгерім тәтеден қорқамын-қорқамын дей береді. Қорықпа, ұрмайды ешкім айтсай десем айтқан жоқ.
Суға түсіріп алдық бірақ. Сосын жәймеңдеп сөйлескенмін, көрші қызды шақырып алып, сен сөйлесіп көрші, саған айтатын шығар дегенмін. Сөйтсем Әйгерім тәте мас, еркектерді әкеліп отырып ішті, мені шынжырмен ұрды, екі баланы шығарып жіберді деп айтты», — дейді қала тұрғыны.
Болған жағдайды Гүлмираның көршісі Әйгерім Есқараева да растап отыр. «Қыздың үстін шешіндірген кезде көгеріп тұрды, белгілі ғой ұрғаны.
Денесі көгерген, қан талап кеткен. Неше түрлі цвет болып тұр: «фиолетовый, розовый» қанталап жәймен-жәймен кете бастаған кез ғой. Сосын біз суретке түсіріп алдық, видео да бар», — деді ол.
Сонымен қатар, жеткіншектің белден төмен тұсы көк-ала болғанын көрген анасы құрбысымен келген еркектер оған зорлық көрсетуі мүмкін деп күдіктеніп отыр. Олар облыстық балалар ауруханасына барғаныны жасырған жоқ.
Алайда медицина мекемелерінің қызметкерлері қарайтын маман жоқ деген уәжбен шығарып салған көрінеді. Бұнан кейін көпбалалы ана құзырлы органдарға арызданған. «Зорланған деген баппен күдіктенсеңіздер ОМЦ-ға алып келіңіздер деді. Біз ОМЦ-ға апара жатқан шығар деп едік «скорыйды», бірақ бізді балалар ауруханасына апарды.
Ол ауруханада гинеколог жоқ екен. Дәрігер ондай қатты тексерген жоқ, қыз бала қабырғасын ұстаған кезде шырылдап жылады, осы жерім мына жерім ауырады деп айтып тұрды, бірақ медицина маманы оған мән берген жоқ. Анализін аламыз дегенде қыз кіші дәретке шыға алмады, бір апта болыпты шыға алмай жүргеніне. Ақсайдан ешкім келмей-келмей зорға дегенде түнгі бірдің уақытысында участкелік полиция келді. Арызын алып-алып содан кейін хабарласқан жоқ», — деді Гүлмираның көршісі Қарлығаш Абраманова.
Осы жағдайға қатысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары пікір білдірді.
«Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы тексеріп, сот-медицина экспертизасы дайындалғанан кейін «дене жарақаты жоқ» деп берді.
Дегенімен әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушы азаматшаға ұрып-соқты деген немен хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданды», — дейді ол. Тәртіп сақшылары зорлану фактісін сот-сараптамасына сүйеніп жасап, жоққа шығарып отыр екен.
Ал Гүлмира бұл тексеруге көңілі толмайтынын ашып жеткізді. Себебі аталған сарапшылар қорытынды шығарар кезінде жұмыстарына немқұрайлық танытты дейді, ол. Сот-сараптама орталығының басшысы болса, барлығын заң шеңберінде жасағандарын айтады.
Егерде жәбірленушілердің сараптамаға көңілдері толмаса басқа жерден екінші мәрте тексеруден өтулеріне болады дейді, ол. Ал жалған қорытынды үшін сарапшы жауапқа тартылатын мәлімдеді.
«Сот сараптамасын сот сарапшы мынау Қылмыстық кодекстің 420-бабына сәйкес, ол тікелей жауап береді жалған қорытындыға. Сондықтан ол жалған қорытынды беруге бармайды біздің сарапшылар.
Барғанның өзінде де қазір сараптама түрлері көп, мысалыға қосымша тағайындауға болады, кешенді экспертиза тағайындауға болады, қайталама сараптама тағайындауға болады. Осы сараптама тағайындау арқылы бұл әділеттікке жетуге болады.
Бірақ, мен біздің сарапшылар толық, жан-жақты сараптама жүргізіп берді деп ойлаймын», — деді Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының директоры Бақытбек Ержанов. Телеарна мәліметінше, болған оқиғадан соң 8 жастағы қыз бала өз-өзіне тұйықталып, ойнамақ түгілі сөйлеуден қалған. Оны ұрып-соққан Әйгерім деген әйел Қызылордадан бой тасалапты. Гүлмира полицейлер әкімшілік іс қозғағанымен, осы уақытқа дейін дәрігерлер тарапынан бір психолог келмеді, дейді. Ал 6 баланың анасының жеке дәрігерлерге қызын апаруға жағдайы келмей отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны күйеуі мас күйінде келіп, оны және ұлдарын ұратынын айтқан болатын.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Бұл жайттан соң, әнші Меруерт Түсіпбаева ел арасында шу тудырған қатыгез әкенің видеосына пікір білдірді. Өнер иесі өз туған балаларын аяусыз сабаған ер азаматты әкелік құқығынан айыру керек екенін алға тартты.
[:]