АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шырын Нарчаеваға қатысты “соттың” кадрлары пайда болды: Нарчаева видео жайлы пікірімен бөлісті[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде қазақтың ұлттық киімін киіп, жалаңаштанған Шырын Нарчаеваның сотталды жайлы видео пайда болып, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Нарчаева Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне осы ақпараттың рас не өтірігін айтып берді

Аз ғана уақыттың ішінде өзінің тұрпайы әрекетімен қазақстандықтардың ашуын келтірген Нарчаеваны соттап, заң жүзінде жазалауды армандайтын азаматтар аз емес. Сонымен қатар, “сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған қыз” деген атпен танылған Шырын Нарчаеваға қоқан-лоққы көрсететіндер бар. Әлеуметтік желіде осыған дейін оның  біреулерден таяқ жегені жайлы жазба шыққан, ал күні кеше жас қыздың сотталғаны туралы видео жарық көрді.

Видеодан Нарчаеваның жылап, камерадан тығылып, бетін бүркеп отырғанын көруге болады. Бұны көрген желі қолданушылары бір-бірінен қалыспай, “өзіне де сол керек” деумен пікірлерімен бөлісті. Алайда, Нарчаеваның айтуы бойынша, бұл видео Yuframe командасымен бірлесіп істеген жұмыстың тизері.

“Ешқандай сот болған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Желіде тарап жүрген видео “Суд за хайп” деп аталатын шоудың тизері ғана. Шынайы өмірде сотталған жоқпын”, — дейді Нарчаева.

Қазақстандағы танымал вайнерлердің бірі — Yuframe командасы, өздерінің “Инстаграмдағы” парақшасында шоуды көрмей жатып, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан желі қолданушыларын ақылға шақырды. Шоудың бірінші сериясында вайнерлердің бірі сотты, екіншісі прокурорды, тағы да біреуі адвокатты ойнап, атышулы Нарчаеваға қатысты сот ісін қозғайды.

Источник: Stan.kz

[:]