[:kz]
Еліміздің бас шаһары Астана қаласында өтіп жатқан келіссөзге Сирия қарулы оппозициясы қатыспады. Бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Әнуар Жайнақов растады.
Айта кетейік, Сириядағы шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздерге қарулы оппозиция тарапы қатысуы мүмкін деген себеппен отырыс тағы бір созылған болатын. Алайда, Сирия азат армиясының Басштаб төрағасы Ахмад Берри оппозиция өкілдерінің қатыспайтынын мәлімдеді.
http://muslim.kz/
[:]