АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сириядағы соғыс Ресейді түбегейлі құртады [:]

[:kz]

bez-nazvaniya-3Ресейлік саясаткер Дмитрий Орешкин: «Кезінде Ауғанстан КСРО-ның көзін жойғандай, Сириядағы соғыс Ресейді түбегейлі құртады». Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы соғысқа қатты тіреліп қалуымен үлкен қателік жасады. Дл осылай ол Ауғанстандағы соғыстың былығына батып, шаға алмай қалған КСРО бірінші хатшысы Леонид Брежневтің қателігін қайталап отыр. Бұл жайында dialog.ua порталы хабарлайды, мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады. Дмитрий Орешкиннің айтуынша, Сирияға қатысты Путиннің ешқандай да нақты саяси мақсаты жоқ. Кремль бастамасында: «Бүкіл әлем Путинді қолдап, оның күшін көрсету керек» деген сияқты өтірік жеңістің баямасы бар. Сол себепті де, Кремль шындыққа жанаспайтын мақсаттар ойлап тауып жатыр, мысалы Башар Асадтың режимін қолдау секілді. Ресей әскерінің көмегінсіз жаулап алған жерлерін бақылай алмайтын Сириялық диктатордың әрекетін қолдаймын деп Ресей үлкен ақымақтық жасады. Мұндай үлкен мақсатты орындауыға оның ресурстары да, әскери де күші жеткіліксіз. Путин Сириядағы соғысқа басымен кіріп кетті, соыдан да Кремль Брежнев Ауғанстандағы соғысқа кіріп кеткені секілді бұл текетіреске келіп тіреліп қалғанын байқауға болады.. Путин қазір Алеппоны өз қарамағына алды, алайда кезінде КСРО да Ауғанстан астанасын өз қолдарына алып, ол жерде тіпті инфрақұрылым жүйесін орнатқан еді. Алайда, КСРО-ның ресурстары мен қаражаты таусылған соң әскерлері ол жерден масқара болып қашуларына тура келді. Дәл осындай жағдай Путинді де Сирияда күтіп тұр. Аударған: Назерке Лабихан

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/13849

[:]