[:kz]
Оразаның алдында той деген тым көбейіп кетті. Менің негізгі айтайын дегенім ол емес, өзге нәрсе. Мысалы, барыңды шашып той жасайсың. Алайда тойға арнайы шақырылған қадірлі қонақтардан бөлек шақырылмағандар, яғни майда-шүйде бала-шағалар миыңды ашытып, қаныңді ішіп жатады. Осы дап-дардай аға-жеңгелеріміз қасына сондай мұрынбоқ «телохранительдер» ертіп апармаса қорқа ма екен? Әлде ұят та болса айтайын, сол немелердің бір тойып ішіп-жегенін пайда көре ме? Бұл ұят қой! Онсыз да шашылып, тіпті несие алып, былайша айтқанда «итке — сүйек, құсқа — жем, балыққа — шылаушан» қарыз болып сүрлігіп жатқан той иесінің алдын-ала дайындаған орындарына тап осындай бала-шағалар барып әй-шәй жоқ қонжиып отырып алады. Ал сосын кешігіңкіреп келгендер орын таба алмай, ыңғайсыз жағдайға тап болып жатады. Сондықтан менде мынадай ой бар:
Тойға шақыру билетінде: «Сіздерге өтініш, тойға бала-шаға ертіп әкелмеңіздер! Сосын көрсетілген мекен-жайға дәл уақытында келуді ұмытпаңыз» — деп жазылса. Осы сөзге өкпелесе — онда ол адам таза ақымақ! Келмесе — атамнан ары!
Ал тойдан сарқыт деп сөмке-пакеттерін лық толтырып алып кететін ұяттан жұрдай жандарға Құдай ар-ұят пен нысап берсін! Ондайдарға айтарға сөзім жоқ. Осы екеуі орындалса да жаман емес, қалғанын көре жатармыз, ағайын.
Бақыт Құралбай
Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz
[:]