АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сіздің қандай адам екеніңізді қойныңыздағы әйеліңіздің қабағы айтып береді[:]

[:kz]

 

Шектен тыс эмпат, яғни, қазақша айтқанда көңілшек болсаң да қиын екен. Көрінген жерден мұң тауып алып, жаның ашиды да жүреді. Кеше кешкісін Арбатта қыдырып жүргенбіз. Көңілді музыка, серуендеп жүрген халық. Гитарамен ән айтып жатқан жігіттердің өнерін тамашалап тұрғанбыз. Қаумалаған жұр арасынан кенет көзім жас жұбайларға түсіп кетті. Әйелі бұртиып, ашуланып, тіпті жылап тұр. Күйеуі оны жұбата алмай әлек. Басында «ту, мына келіншекті-ай, күйеуін сонша жалындырып, несіне бұлданады?» деп ойладым. Бір кезде олар маған жақын келгенде сездім, мәселенің мән-жайы неде екенін. Күйеуінің үстінен арақтың иіс мүңк ете қалды. Ол да ештеңе емес шығар, еркек болған соң арасында ішеді да дерсіз. Бірақ… Әлгі еркектің қолында бір қызы бар еді. Шамамен 3-4 жаста. Бері қарағанда байқадым, бүлдіршін өзінен-өзі күле береді екен. Ақыл-есі кемдеу. Әлгіні көрдім де, жүрегім зырқ ете қалды. Байғұс келіншектің неге мұңайғанын, неге жылағанын түсінгендей болдым. Жалпы, тұрмыстағы бар ауыртпалық әйелдің мойнына артылады ғой. Әйел бәрін көтереді. Тіпті күйеуін де өмір бойы тұңғыш баласы секілді «арқалайды» да жүреді. Содан әрине, қиналады, оны сөзбен айта алмайды, көзі айтады, яғни, әйел жыласа жайдан-жай емес. Ол уже айтарға сөзі жоқ, жаны қатты қысылып кетті деген сөз. Өкінішке орай, бізде жылайын десе ұялып, намыстанып, содан іштей тұншығып жүрген әйелдер көп…

Қымбатты, ер азаматтар, әйелдерді, әйелдеріңізді жылатпаңыздаршы. Себебі сіздің қандай адам, қандай күйеу екеніңізді үстіңіздегі киім, астыңыздағы көлік емес, қойныңыздағы әйеліңіздің қабағы айтып береді. Осыны ұмытпаңыздар!

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]