[:kz]
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде Отбасы күнінің құрметіне келушілерге тегін балмұздақ таратқан. Алайда біраз уақыттан кейін адамдар ұрысып, бір-бірін таптап кете жаздады.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «ИнАктау» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тегін балмұздақ үшін кезекте тұрған адамдар бір-бірін балағаттап, итеріп, алға қарай өтіп кетпек болды. Желіде куәгерлер түсіріп алған видео тарады.
«Кезекте қысылысып тұрған адамдар құлап, есінен танып жатты. Балмұздақты тек 20-30 адам ғана алды. Қалғандары алған жоқ. Соғыстағы аштық кезінде нан таратқандай болды. Ешкім аяғының астына қарамады, балалар қысылып қалды. Сұмдық», — дейді куәгерлердің бірі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балмұздақ үшін кезекте ешкім зардап шекпеген.
[:]