АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Соңғы 5 жылда 76 миллиард теңге «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқыған азаматтарға жұмсалған[:]

[:kz]

 
 
Елімізде заманауи қадрлар мен менеджерлерді даярлау мақсатында 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Аталған бағдарлама бойынша теехникалық, инженерлік, мемлекетті басқару саласы бойынша да мамандар даярланып, мемлекеттің әртүрлі секторларында жұмыс жасауда. Кейбіреулері өздері оқыған елдерінде қалып та жатыр.
 
«Болашақ» бағдарламасы бойынша соңғы бес жылда  шетелде оқыған Қазақстан азаматтарына мемлекеттік бюджеттен жұмсалған қаражаттың мөлшері мынадай болады екен.
 
2017 ж — 14 373 727 000 теңге
2018 ж — 15 665 573 000 теңге
2019 ж — 15 601 509 000 теңге
2020 ж — 15 481 434 000 теңге
2021 ж — 15 482 459 000 теңге
 
Жаңылысып қалмауыңыз үшін әріппен жазып отырмын.
 
76 604 702 000 : 420 76 604 702 000 = 182 392 147,6 доллар
 
(жетпіс алты миллиард алты жүз төрт миллион жеті жүз екі мың теңге) : 420 (қазіргі крустағы доллар) = 182392147,6 (жүз сексен екі миллион үш жүз тоқсан екі мың жүз қырық жеті доллар) болады екен.
 
Ал, енді шетелде аталған бағдарламамен оқып келген, білімін тәжірибеде іске асырған, сол азаматтардан шығып жатқан өнертабыс пен технологиялық ғылыми жетістіктер бар ма бізде? Бар болса осында фактімен келтірсеңіздер екен… Мархабат!
 
Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы

[:]