[:kz]
Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар тағы да елдің сынына қалды. Желі қолданушылары әпкелі-сіңііллілердің кезекті фотосессиясына шүйлігіп, оларды сөгіп тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар спортпен белсенді түрде шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады.
Соның арқасында қос ару да мінсіз әрі талдырмаш мүсінге ие болған. Бүгінде көптеген қыз-келіншектер әнші бикештерді үлгі тұтып, олар секілді болғысы келетінін жасырмай айтуда. Жолдыбаевалар тіпті мінсіз дене сымбатына талпынған әйелдерге өз жаттығуларының видеосын да ұсынған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда, бұл жолы желідегілерге Кәмшат пен Алтынайдың жаңа образадры ұнамай қалған. Олар қос арудың киім үлгісін тым ашық деп санап, оларға өз сынын жаудырған. Аталмыш суреттерде әншілердің әдемі жаздық образдарды паш етіп тұрғанын көруге болады. Ол үшін Жолдыбаевалар ортақ фотосессия жасаған.
Алайда, қос жұлдыздың таңдаған образдары желі қолданушыларының көңілінен шыға қоймаған. Оқырмандар олардың үстіндегі көйлектердің тым ашық екенін айтып, өз наразылығын білдірген.
«Төстеріңді сәл жабуға болмас па еді?», «Жасатып алғандарыңды күллі Қазақстан білді. Бірақ, кеуделеріңді көрсетуден шаршамайды екенсіңдер», «Осы қыздардың ата-анасы, бауырлары бар ма екен», «Қашан жалаңаштануды қоямыз», «Сөзім жоқ. Барған сайын ашық әрі ерсі», «Осы екі қыз ашық образдарға құмар екен», — деп жазды көпшілік.
[:]