АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] «Студенттерге дәретхана жуғыздыңыздар ма?»: Министр ректордың тапсырмасынан шошыды[:]

[:kz]

Жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов студенттеріне факультет дәретханасын жуғызып, басы дауға қалған медициналық университетке соқты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Ректормен бірге  оқу орнын аралап жүрген Елжан Біртановты БАҚ өкілдері қарсы алды.

Тілшілер болашақ дәрігерлердің дәретхана жууы қаншалықты дұрыс екенін министрдің өзінен сұрады.

Сала басшысы бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтты.»Мен бұл жағдайды білген жоқпын. Студенттердің дәретхана жууы дұрыс емес. Студенттер оқу керек, тәжірибе алу керек.

Дәретхананы жууға арнайы мамандар бар. Оған қажетті қаржы бөлінеді. Бұл жағдайды анықтап, зерттейтін боламыз.Министрліктен арнайы аудиторлық тексеріс келеді. Сіздер студенттерге дәретхана жуғыздыңыздар ма?»,-деген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық университет басшысына таңдана қарады.

«Күрделі жөндеу жұмысы кезінде оқытушы құраммен сенбілік жасалған еді»,-деді медициналық университеттің ректоры Ербол Бекмұхамбетов.

Тап осы кезде instagram желісіне Марат Оспанов атындағы БҚМУ-не қатысты тағы да шағым шықты.

«Марат Оспанов атындағы медициналық университеттің студентімін, Райса Мукадесқызы туралы біраз жағдайды білеміз.

Сабақтан кешіккенге ақша сұрайды, емтихан кезінде ыстық тамақ пен салаты бар үстел дайындатады.Тамақты қайдан алу керектігін де көрсетеді. Мерекеде сыйлық жасамаған топқа қиын болады. Ол мұны жасауды әлі қоймай келеді. Студенттер бұл кісіге кезіндегі біз секілді қарсы тұра алмаған. Дипломсыз қалатынымызды айтып қорқытатын»,- делінген жазбада.

Университет басшылығы бұл хатқа қатысты да ішкі тексерістің басталғанын хабарлады.«Бұл шыққан хабарламаны да көрдік. Комиссия құрылды, қазір тексеріс жүріп жатыр.  Міндетті түрде ішкі тексеріс жасалады. Видеодағы Райса Мукадескызы 13-15 наурыз аралығында  іссапарда жүр»,-дейді университет проректоры Талғар Әбілов.

Әлеуметтік желіден скриншот

Әлеуметтік желіден скриншот

 

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтөбедегі медициналық университеттің 800 мың теңге төлеп, ақылы бөлімде оқып жатқан студеттерді дәретхана тазалауға мәжбүрлегені туралы хабарлаған болатынбыз.

Оқиға университеттің стоматология факультетінде, кафедра меңгерушісі Райса Ораздың қатысуымен болған.

 

 KAZ.NUR.KZ

 

[:]